Азиада-2025: Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы ойынды жеңіспен бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азиада-2025: Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы ойынды жеңіспен бастады

04.02.2025

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азиада ойындарын шайбалы хоккейшілеріміз жеңіспен бастады. Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы ойында Таиланд құрамасымен кездесті. Есеп 12:0. Отандастасырымыз қарсыластарын ойсырата жеңді. Келесі ойын Қытай құрамасымен болады. Харбиндегі Қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі 7 ақпанда өтеді. Шара ерекше әсерге толы болмақ. Жасанды интеллектінің көмегімен түрлі шоу бағдарламалар ұсынылмақ.

Еске салайық, Қысқы Азия ойындарына 34 елдің спортшылары қатысады. Қазақстан атынан 137 спортшы сынға түседі.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу