Волейболшы қыздар Азия Кубогын жеңіспен бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Волейболшы қыздар Азия Кубогын жеңіспен бастады

06.09.2014
Волейболшы қыздар Азия Кубогын жеңіспен бастады

Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия Кубогын жеңіспен бастады. Қытайдың Шэньчжень қаласында өтіп жатқан жарыста Ұлттық құрама қыздары алғашқы ойындарын Жапония волейболшыларымен өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Тартысты ойынның алғашқы екі кезеңінде аруларымыз 25:23 есебімен жапон қыздарынан басым түссе, кездесудің үшінші кезеңінде 25:18 есебімен ұтты. Айта кетейік, жерлестеріміздің ендігі қарсыласы Тайланд спортшылары болмақ. Кездесу ертең өтеді.

Рустам БАЙДАУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу