Қазақстан құрамасы Коста-Рикадан басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан құрамасы Коста-Рикадан басым түсті

13.09.2021

Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатын жеңіспен бастады. Алғашқы ойынын Коста-Рикаға қарсы өткізді.

Оныншы минуттан-ақ біздің ойыншылар есеп ашты. Қатарынан 2 гол. Сосын Коста-Рикалық құрама бір голмен қарымта қайтарғандай болды. Бірақ қазақстандықтар тағы да қақпаға 2 доп соқты. Екінші кезеңде де екі мәрте қарсыластар қақпасынан саңылау тауып, есепті 6:1 жеткізді. Енді Қазақстан құрамасы 15 қыркүйекте Литвамен сосын Венесуэламен кездеседі.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу