Ақтау және Көкшетау колледждерінің мұғалімдері жасанды интеллектті оқу процесіне енгізу жолдарын меңгеру үшін Лондонға барды. Тәлімгерлер нейрожелілердің көмегімен жұмыс процестерін оңтайландыруды және түрлі стратегиялар арқылы көшбасшылық қасиеттерін жетілдіруді үйренді. Олар сондай-ақ білім беру құралдарын дауыс арқылы басқару, оқытушының сөздерін сол мезетте субтитрмен қамтамасыз ету сияқты жаңа функциялармен де танысты. Робототехника бойынша да біраз мағлұмат алды. Маңғыстау және Ақмола облысының ұстаздары оқу-ағарту ісі бойынша көшбасшы мемлекет Ұлыбританиядан үйренеріміз көп дейді.
Айнагүл Жұмағали, Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің басшысы:
Өзімізге қажетті дағдыларды алдық. Соның ішінде жасанды интеллект, кибер қауіпсіздік, кибер спорт, инклюзия деген сияқты тақырыптар бойынша конференцияларға қатыстық.
Василий Гапеев, Көкшетау жоғары техникалық колледж директорының орынбасары:
Ұлыбританияға келіп, бірқатар білім беру мекемелерін араладық. Шетелдік әріптестермен байланысымызды нығайтамыз деген жоспар бар.
Марина Бекенова