Басты Жаңалықтар Ташкентте жылу мен ыстық судың ақысы қымбаттайды

Ташкентте жылу мен ыстық судың ақысы қымбаттайды

1 ақпаннан бастап Ташкентте жылу мен ыстық судың ақысы қымбаттайды. Өткен жылдың қараша айында бүкіл ел аумағында тарифтер 15%-ға өскен. Енді оны тағы да көтеру жоспарланып отыр. Бұған себеп - тозығы жеткен желілерді жаңасына ауыстыру. Энергияны қажет ететін жабдықтар мен есептегіш құралдарының жетіспеушілігі де жағдайды қиындата түскен. Халықтың жылу үшін төлейтін ақшасы шығындарды жабуға жеткіліксіз. Жыл сайын бұл салаға мемлекет тарапынан субсидия ретінде қыруар қаржы бөлінеді. Сол себепті депутаттар жылудың ақысын жылына екі рет қымбаттату жайлы бастама көтерген. Енді тұрғындар жылудың 1 гигакалория сағаты үшін орта есеппен 90 мың сум төлейді. Бұл шамамен 3,5 мың теңге.

Бахром Каримов, жылу таратушы компания басшысы: 

Жылыту маусымына әзірлік барысында 76 шақырым құбыр жаңасына ауыстырылды. Жылуды жоғалту көрсеткіші 45 тен 36 пайызға кеміді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Жүйені жаңғырту, заманауи технологияларды енгізу жайы басты назарда.

Базаркүл Отыншиева

Бөлісу