Түркияда талапқа сай емес қонақ үйлер жабылады
Түркияның Болу провинциясындағы 78 адам ажал құшқан алапат өрттен кейін елдегі қонақ үйлерге талап күшейтілді. Енді Мәдениет және туризм министрлігінің талаптарын сақтамаған қонақ үйлер бірден жабылады. Мемлекеттік лицензиясы бола тұра өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған немесе жер сілкінісіне дайындығы жоқ қонақ үйлерге кемшіліктерді жою үшін бір апта уақыт берілді. Әсіресе өрт кезінде қолданылатын апаттық баспалдақтардың болуы қатаң қадағалануда. Қазір түрлі жауапты мекемелердің мамандарынан құрылған арнайы комиссия барлық қонақ үйлерді тексеріп, мониторинг жүргізіп жатыр. Мемлекет қойған талапты ескермеген қонақ үйлер бірден жабылады, деді губернатор.
Дәуіт Гүл, Стамбұл губернаторы:
Қонақүйлердің барлығына тексеріс жүргізіп жатырмыз. Осы аптаның соңына дейін құжаттарыңызды толықтырып, қонақүйдің өрт кезіндегі талаптарға сай болуын реттеуіңіз қажет. Дүйсенбіден бастап талапқа сай келмейтін қонақүйлердің барлығын жаба бастаймыз.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12