Өзбекстанға жанармайды заңсыз тасымалдау тыйылмай тұр
Түркістан облысы Өзбекстанмен шектесетіндіктен көлеңкелі жолмен жанармай тасымалдау тыйылмай тұр. Өйткені көршілес елде бензин мен дизель отыны едәуір қымбат. Былтыр өңірде мұнай өнімдерін заңсыз шетел асырудың 567 фактісі тіркеліп, 39 тонна бензин мен дизель отыны тәркіленген. Заңбұзушылық әркеттер жасағандардан 46 млн теңгеден аса айыппұл өндірілді. Кейбір пысықайлар кеден бекетінен қашып, жанармайды жерасты тоннелі арқылы шекара асырып отырған. Сарыағаш ауданының Жібек жолы ауылында қылмыстық топ мүшелері 450 метрлік тоннель қазып, бензин мен дизель отынын саудалап келген. Қазір бұл қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Сабыр Аманбай, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру Департаментінің аға жедел уәкілі:
Бұл бойынша қазір трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық тобы құрықталып, қазіргі таңда сол 197 баптың Қылмыстық кодекстің тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. ҰҚК Шекара қызметімен бірлескен осындай бұйрықтар негізінде жұмыстар жалғасып жатыр.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы