Өзбекстанда 1 жылдың ішінде 5 мыңға жуық шенеунік жемқорлық бойынша жауапқа тартылған
Өзбекстанда жемқор шенеуніктер саны 37 %-ға артып, бір жылда 5 мыңға жуық лауазымды тұлға осындай қылмыспен жауапқа тартылған. Мемлекетке келген шығын көлемі 280 миллион долларға жуықтайды. Бас прокуратураның мәліметінше, өткен жылы 3 мың 821 қылмыстық іс қозғалған. Сыбайластық әрекеттер басшы лауазымындағы азаматтар арасында өршіп тұр. Мәселен түрлі деңгейдегі әкімдер мен олардың көмекшісінің үстінен жемқорлық фактісі бойынша 300-ден аса қылмыстық іс қозғалды. Мемлекеттік сатып алу кезінде күмән тудыратын 234 келісім-шарт бұзылып, 263 миллиард сум қазынаға қайтарылған.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12