Ресейде көлік үшін утильалым 20 пайызға өсті
Ресейде жаңа жылдан бастап көлік үшін утильалым 20 пайызға өсті. 2030 жылға дейін әр 12 ай сайын көлікті тіркеу үшін төленетін қаржы көтерілмек. Елде 2022 жылдан бері санкция салдарынан автомобиль өндірісі тоқтап тұр. Көлік шығаратын 20-дан аса кәсіпорын жабылып қалған. Оған валюта бағамының тұрақсыздығы мен логистиканың бұзылуы да әсер етті.
Ресей нарығындағы Қытай компаниялары да кетуге бел буған. Осылайша ірі танымал маркалар енді сатылымда жоқ. Былтыр іргелес елде сатылған көлік саны 2 миллионға жуықтаса, оның үштен екісі Қытай автомобильдері. Ал жыл басталғалы 500 компания жабылып қалған.
Андрей Каменский, сарапшы:
Соңғы алты жылда Ресейде сатылған көлік саны өсті. Себебі азаматтар утильалымның өсетінің біліп, бірден жаппай көлік сатып алды, бағасы да күрт қымбаттады. Бүгінгі күні қоймада қалған соңғы автомобильдер сатылуда. Оның өзі сұранысты қанағаттандырмайды.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12