Түркияда тағы бір қонақүй өртенді
Түркияның Анталия провинциясына қарасты Алания қаласында көпқабатты қонақ үй өртенді. Бұған дейін тұрғын үй болған ғимаратты қонақ үйге айналдыру үшін жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Бірінші қабаттан шыққан жалын аз уақытта жоғарғы қабаттарға да жайылып, ғимарат ішіндегі құрылысшылар шыға алмай қалды. Оларды құтқару үшін оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жетті. Жоғарғы қабаттарда қалып қойған 13 адамның 9-ы лифтімен ал қалған 4 адам кранның көмегімен құтқарылды. Олардың арасында жарақат алғандар жоқ. Әзірге өрттің нақты неден шыққаны белгісіз.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07