Алматыда Жеңістің 80 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар басталды
Алматыда Жеңістің 80 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар легі басталды. 28 гвардияшыл панфиловшылар саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды. Салтанатты жиынға әскери қызметшілер, ардагерлер мен курсанттар қатысты. Мақсат – сұрапыл соғыста көз жұмған жауынгерлердің ерлігін еске алу, олардың қайсарлығы мен қаһармандығын өскелең ұрпаққа үлгі ету. Қазір республика бойынша 120 соғыс ардагері бар. Оның көбі, яғни 25-і Алматы қаласында тұрады. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Жеңістің 80 жылдығына орай ел бойынша 90-нан аса шара жоспарланып отыр.
Тілеухан Басқожаев, ҚР Қорғаныс министрлігінің Департамент бастығы:
Ардагерлерді мадақтап, Қорғаныс министрінің атынан құттықтауын жеткіздік. Әр ардагердің бекітілген сомасы бүкіл ТМД бойынша ең жоғары Қазақстанда, 5 млн теңгеден қазіргі таңда бекітіліп отыр. Сондай үлкен-үлкен іс шаралар өтеді.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07