Түркияда тағы бір апат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда тағы бір апат

25.01.2025

Түркияда тағы бір апат. Бұл жолы Кония қаласында 4 қабатты тұрғын үй қирап, жермен-жексен болды. Ғимараттың нақты неден құлағаны белгісіз. Ресми мәліметке сай, үйінді астында 7 адам қалған. Олардың екеуі апаттан кейін өз күштерімен шыққаны белгілі болды. Кеше кешкі сағат сегіздер шамасында құлаған ғимаратта іздеу құтқару жұмыстары түні бойы жалғасты. Мән-жайды білу үшін біз Түркиядағы тілшіміз Айдос Әшімұлын эфирге қостық. Айдос, соңғы ақпараттармен бөліссең ?

Айдос Әшімұлы, тілші:

Соңғы келіп түскен мәліметке сай қираған үйдің астынан жаңа ғана бір әйелдің жансыз денесі шығарылды. Оның алдында жергілікті уақытпен түнгі екілер шамасында құтқарушылар үш ер адамды үйінділер астынан аман есен алып шыққан болатын. Олардың бірінің жағдайы ауыр екені айтылды. Оқиға орнына Түркияның вице президенті мен Ішкі істер министрі барды. Мыңға жуық құтқарушы түні бойы бел жазбай жұмыс істеп жатыр. Ішкі істер министрінің айтуынша үйінді астында әлі де кемінде бір адам болуы мүмкін. Бірақ әзірге оның өлі не тірі екені белгісіз.

Айдос Әшімұлы, тілші:

Ресми мәліметке сай бұл үйде 79 адам тұрған. 1994 жылы салынған ғимаратта 14 пәтер мен 7 дүкен орналасқан. Сондай ақ бірінші қабатта дәмхана болған. Куәгерлердің айтуынша құлар алдында ғимараттың қабырғалары дірілдеп қозғалып тұрған. Сол кезде тұрғындардың көбі сыртқа шығып үлгеріпті. Сондықтан да үйінді астында қалған адамдар саны көп емес. Қауіпсіздік мақсатында маңайдағы ғимараттар да босатылды. Әзірге үйдің нақты қандай себептен құлағаны белгісіз. Дегенмен төменгі қабаттағы дәмхана иелері тіреулерді кесіп тастаған деген болжам бар. Тұрғын үйдің құлауына байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында төрт адам қамауға алынды.

Айдос Әшім

Хабарламаларға жазылу