Тазының қанын бұзғандарды жауапкершілікке тарту ұсынылды
Қазақтың асыл тұқымды тазы итін басқа иттермен шағылыстырып, қанын бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту керек. Тазы дипломатиясы концепциясының авторы, тазы жанашыры Абзал Досыман осындай ұсыныс білдірді.
Еске салайық, қазақы ит тұқымдарын сақтау, сонымен қатар оларды халықаралық деңгейде таныту мәселесі Президенттің тапсырмасымен 2022 жылдан бастап қолға алынды. Тиісті заңдарға өзгерістер енгізілді, тазы стандарты бекітілді, ғылыми зерттеулер жасалды. Ал, бүгінгі ұсыныс тазының таза тұқымын сақтап, одан әрі санын көбейту үшін маңызды, дейді Абзал Досыман.
Абзал Досыман, «Nomad» ұлттық саятшылық» қоғамдық қорының мүшесі:
Мемлекеттік деңгейде тазының санын, қанын сақтап қалып, сапасын арттыру үшін қаншама еңбек жүргізіліп жатыр. Ал бір жағынан қанын бұзып жатсақ өзімізге қарама-қайшылықты білдіреді. Сондықтан, Әкімшілік кодексте арнайы бап болса, тазылардың басқа тұқымдармен шағылысып кетуінде иелеріне жауапкершілік болуы керек.
Жеті қазынаның қатарына қосылған таза қанды құмай тазылар саятшылықтың сәнін келтірген жануар. Кей мәліметтер бойынша, қазір Қазақстанда екі мыңнан астам тазы бар. Былтыр Халықаралық кинологиялық федерацияның бас комитеті қазақ тазысын ресми түрде ит тұқымы деп тану туралы шешім қабылдады.
Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді. Сондықтан, қазақтың брендіне айналған тазының таза тұқымын сақтап, санын көбейтіп, дәріптеу қажет, дейді сарапшылар.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алтын виза» кімдерге беріледі?
10.05.2026, 19:49
Дәрі-дәрмек нарығындағы ұрлық: 3,7 млрд теңгені жымқырған компанияны әшкереленді
10.05.2026, 19:48
Автосақтандыру жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
10.05.2026, 19:46
ШҚО-дағы шахтада бір жұмысшы қаза тапты
10.05.2026, 19:44
Шығын бар, кіріс қандай? Цифрлық саланың экономикаға пайдасы
10.05.2026, 19:40
Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырды
10.05.2026, 19:38
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06