Дональд Трамп АҚШ-тың 35-президенті Джон Кеннедидің, оның інісі Роберт Кеннеди мен афроамерикандықтардың құқықтарын қорғау үшін күрескен Мартин Лютер Кингтің өліміне қатысты құжаттардың құпиялығын жойды. Бүгін Ақ үйде арнайы жарлыққа қол қойды. Джон Кеннедиді 1963 жылы атып өлтірді. Бірақ, оның өлімі әлі күнге дейін түрлі болжамдар мен пікірталас туғызып келеді. 2022 жылы АҚШ-тың Ұлттық архиві осы іске қатысты 13 мыңнан астам құжатты жариялаған. Алайда, Джо Байден әкімшілігі ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін деп қалған бірнеше мың құжатты жариялатпай қойған еді. Трамп ұлттық барлау қызметінің директоры мен бас прокурорға Джон Кеннеди ісіне қатысты құжаттардың жариялығын қамтамасыз етуді тапсырды. Алайда жарты ғасыр құпия сақталған бұл материалдар нақты қашан жарыққа шығатыны белгісіз.
Жалғас Сәдібекұлы