Владимир Путинмен тезірек кездесуіміз керек - Дональд Трамп
Мағынасыз соғысты тоқтату керек. АҚШ президенті Ресейлік әріптесіне тағы да үндеу тастады. Дональд Трамп Владимир Путинмен мүмкіндігінше тезірек кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Ақ үй басшысы соғысты тоқтату туралы келісімді кейінге шегерген сайын ұрыс даласында сарбаздар қаза тауып жатқанын айтты.
Оның айтуынша, бір Ресейдің өзі 800 мың сарбазынан айырылған. Бұған дейін ол Ресей келіссөз жүргізуге ниет білдірмесе, АҚШ тарапынан ауыр экономикалық санкцияларға тап болатынын ескерткен. Бүгін Трамп сондай-ақ, бұл мәселеге Қытай да араласып, Ресейге ықпал етуі қажет деді.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
Ресей Қытайға көп мөлшерде энергия жеткізеді. Қытай оған сол үшін қомақты ақша төлейді. Менің ойымша, олардың Ресейге үлкен ықпалы бар. Сондықтан Ресей келісімге келгісі келеді деп ойлаймын. Естуімше, Путин менімен кездескісі келеді және біз мүмкіндігінше тезірек кездесуіміз керек. Мен кездесуге дайынмын. Әр күн сайын ұрыс даласында сарбаздар қаза тауып жатыр. Бұл II дүниежүзілік соғыстан бері болмаған ұрыс алаңы сияқты. Соғысты тоқтату керек. Бұл – мағынасыз соғыс.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05