Ресейліктер Қазақстандағы шахмат мектебіне қызығуда
Қазақстан мен Ресейдің Ханты-Мансийск округі шахмат ойыны бойынша достық турнирін өткізбек. «Қазақстанда шахмат үйретудің үздік моделі қалыптасқан. Сондықтан қазақ ойыншыларынан үйренеріміз көп», - дейді Ханты-Мансийск автономиялық округінің өкілдері. Ресейдің Сібір аймағындағы Ханты-Мансийскіде қазақстандық студенттер білім алуда. Қазақстан шахмат ойыны бойынша өзгелерден оқ бойы озып тұр. Ірі халықаралық турнирлерде қазақ ойыншылары топ жарып, бәсекеге қабілетті екенін көрсетті. Алдағы уақытта спорт саласындағы әріптестікті дамыту үшін «Тең мүмкіндіктер» фестивалін өткізу жоспарда бар.
Василий Филиппенко, Ханты-Мансийск автономиялық округі шахмат федерациясының президенті:
Қазақстанда көптеген жақсы достарым бар. Жалпы сіздің елде шахмат өте жақсы дамыған, ойыншылар да мықты. Сондықтан үйренеріміз көп деп ойлаймын. Шахмат жай спорт түрі емес, бұл тактиканы қажет ететін, тек интелектуалдық жағынан дамыған адамдардың қызығушылығын арттыратын ойын. Бұл орайда Қазақстан алда келе жатыр.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12