Түркияда өртке қатысты губернатор орынбасары қамалды
Түркияның Болу провинциясындағы қонақ үйде болған өрттен қаза тапқандар саны 78-ге жетті. ДНК тестін жасау кезінде тағы екі адамның денесі анықталды. Осы оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша Болу Губернаторының орынбасары мен Өрт қауіпсіздігі басқармасының басшысы қамауға алынды. Олар жыл басында осы қонақ үйдің өрт шыққан мейрамханасына «Өрт қауіпсіздігі толық сақталған» деген анықтама берген. Осылайша бұл оқиғаға қатысты қамауға алынғандардың саны 11 адамға жетті. Бүгін алапат өрттен қайтыс болғандар бүкіл Түркия бойынша қара жерге тапсырылды. Бір отбасынан көз жұмған 8 адамның жаназасына Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен бірқатар Үкімет мүшелері де қатысты.
Режеп Тайып Ердоған, Түркия Президенті:
Қонақ үйдегі сұмдық өрттен қаза тапқан 8 бауырымызды мәңгілік мекеніне аттандыру үшін жиналдық. Құдайдан олар үшін рақым етсін деп тілеймін. Біздің де жанымыз бен жүрегіміз жанды. Барлық отбасына, күллі халқымызға сабыр тілеймін. Сабырдың соңы саламат пен жеңіс.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды облысында Наурыз кең көлемде аталып өтті
22.03.2026, 11:23
Алматы облысында Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланды
22.03.2026, 10:15
Шымкентте Наурыз мерекесі жаңа форматта ұйымдастырылды
22.03.2026, 09:10
Наурызнама: Бүгін — Ынтымақ күні
21.03.2026, 20:48
Нұра ауданының тұрғындары Наурыз мерекесін тойлады
21.03.2026, 20:45
Қаз шаруашылығын дамытуға арналған фестиваль өтті
21.03.2026, 20:09
Шетелдегі қазақтар Наурыз мейрамын тойлатты
21.03.2026, 20:09
300 сырмақ топтамасы ұсынылды
21.03.2026, 20:08