МӘМС: Қаржыландыру 2 есе артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

МӘМС: Қаржыландыру 2 есе артты

22.01.2025

Елімізде кез келген азамат онкологиялық дертті ерте анықтауға арналған скринингтен тегін өтуіне болады. Ол үшін МӘМС-тегі мәртебесі сұралмайды. Денсаулық сақтау министрлігі тиісті заң жобасын әзірледі. Оған сәйкес, әлеуметтік маңызы бар ауруларды алдын ала анықтауға арналған медициналық тексеріс те, ақысыз болады. Ал қызмет көрсету тарифі шығынға қарай реттеледі.

Ғалымжан Әбілов, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары:

Бастапқыда бізде жекеменшік мекемелер аз болған. Қазіргі таңда олардың жалпы санынан 62-64 пайызын құрайды. Осы мекемелер енгізілген кезде медициналық қызмет қолжетімділігі артты деп біз мақтанып айта аламыз.

Бір айта кетерлігі, МӘМС жүйесін енгізгеннен кейін медицинаны қаржыландыру 2 есе артты. Мәселен 2019 жылға дейін салаға 1 трлн теңге бөлініп келсе, былтыр оның бюджеті 2 трлн 800 млн теңгеге жеткен. Медициналық сақтандыруды пайдаланатындар аз емес.

Дегенмен, медициналық сақтандыру жүйесіне шағымданатындар да жоқ емес. Осы күнге дейін сақтандырылмаған 3,5 млн адам бар. Ал Президент былтырғы Жолдауында оның тиімділігіне күмән келтіріп, қорға өзгеріс енгізуді Үкіметке тапсырған еді. Алдағы аптада МӘМС жүйесіндегі мәселелер Мәжілістегі Үкімет сағатында талқыланады.


Хабарламаларға жазылу