Түркияда өрттен қайтыс болғандар саны 66-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда өрттен қайтыс болғандар саны 66-ға жетті

21.01.2025

Түркияның Болу провинциясындағы қонақ үйде болған өрттен қайтыс болғандар саны 66-ға жетті. Ал 51 адам түтінге тұншығып және өрт кезінде жоғары қабаттан секіріп жараланған. Олардың біреуінің жағдайы ауыр. 17 адам көрсетілген медициналық көмектен соң үйлеріне жіберілген. Өрт сөндірушілер 10 сағат бойы тоқтаусыз жұмыс істеп жалынды әрең ауыздықтады. Ғимараттың толықтай дерлік ағашпен қапталуы өрттің тез жайылуына себеп болған. Естеріңізге салсақ, бүгін түнгі сағат үш жарымдар шамасында Стамбұлдан 400 шақырым жердегі Болу провинциясында Карталкая тау шаңғысы курортындағы қонақ үйден өрт шықты. Қонақ үйдің ішінде барлығы 300-ден аса адам болған. Осы оқиғаға қатысты 4 адам қамауға алынды. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Әли Йерликая, ішкі істер министрі:

Қазірге дейін ғимараттың 12 қабатындағы барлық бөлмелер тексерілді. Өрт басталғанда қонақ үйдің ішінде 238 тіркелген демалушы болған. Бұдан бөлек осы жерде жұмыс істейтін қызметкерлер де бар еді. Түрлі құтқару және арнайы қызметтерден 458 адам жұмылып, 10 сағат ішінде өртті толық сөндірді.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу