Қардан мүсін жасайтын қар тазалаушы
Елордада қар тазалаушы өз жұмысын ерекше хоббимен байланыстырады. Ол жинаған қардан түрлі пішіндегі мүсіндер жасайды. Қаланың сәнін келтіріп жүрген кейіпкермен әріптесім жақынырақ танысты.
Қардан түрлі пішін жасайтын шебер кезекті ісіне кірісті. Кесіртке мүсінін жасамақ. Қолданаты екі-ақ құрал: күрек пен кішкентай қалақ. Жануар бейнесін дәл келтіру үшін 59 жасар Ирик Шаймерденов әрбір детальға мән береді.
Ирик Шаймерденов, қар тазалаушы:
Бұл іспен айналысып жүргеніме үш жыл болды. Ағам суретші. Сол кісі үйретті. Ол кезінде қардан мүсін жасап, жарысқа қатысқан. Сол кезде мені көмекші етіп алды. Басында жұмыстарым онша болмайтын, бірақ уақыт өте келе ысылып алдым. Қазір қаладағы бірнеше мейрамханада қызмет жасаймын. Қыста қарын тазалап, жазда бау-бақшасына қараймын. Кейде сынған заттарды жөндеп тұрамын. Мен Петропавалда туып өскенмін. Астанаға көшкелі жиырма жылдан асты. Қазір төрт ұлым, төрт немерем бар. Бір уақытта шебер бұл істі тастап кеткен. Уақыты болмаған. Кейіннен сүйіктісі ермегіне қайта оралған.
Ирик Шаймерденов, қар тазалаушы:
Адамдар фитнеске барып күш-қуат алғандай мен де осы істен шабыт алам. Көңіл-күйім көтеріледі. Айналадағы адамдарға да қуаныш сыйлап жүремін. Тұрғындар мұндай мүсіндерге тамсанып, алғыстарын айтып жатады.
Темірлан Нұржанұлы, тілші:
Мына мүсіндерді жасап шығу үшін шебердің шамамен 1-2 сағаты кетеді екен. Ал дәл осы туындыға небәрі 30 минуттай кетті. Көздерін жасау ғана қалды. Бұл істі де автор маған тапсырды.
Темірлан Нұржанұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заңсыз ақша шығару ісімен айналысқандар жауапқа тартылады
15.09.2025, 20:48

Биыл 140 мың оқушы «Келешек мектептерінде» білім алып жатыр
15.09.2025, 20:03
Жамбыл облысында оқушы қатарластарының қолынан қаза болды
15.09.2025, 19:55
Елордада Жолдаудың негізгі тұстары сараланды
15.09.2025, 19:52
Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жоспар қабылданды
15.09.2025, 19:50
Алдағы 3 жылда мың мектепте тіс емдеу кабинеті ашылады
15.09.2025, 19:46
Бүгіннен бастап 25 мың жұмыскердің жұмыс кестесі өзгерді
15.09.2025, 19:45
Елімізде коммуналдық желілер жаңғыртылмақ
15.09.2025, 19:42