Түркияда қонақ үй өртеніп, 10 адам қайтыс болды
Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы курортында жеті қабатты қонақ үй өртеніп, 10 адам қайтыс болды. Өрт кезінде жоғары қабаттан секірген және түтінге тұншыққан 32 адам ауруханаларға жеткізілді. Жергілікті уақытпен түнгі сағат үштерде қонақ үйдің бірінші қабатындағы мейрамханада басталған өрт аз уақытта жоғары қабаттарға жеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша қонақ үйде 300-дей адам болған. Мамандар ғимарат ішінде әлі де адамдар болуы мүмкін дейді. Өрт сөндірушілер әлі де жалынды ауыздықтауға тырысуда. Қонақ үйдің сырты толықтай ағашпен қапталғандықтан, жалын жылдам тарап жатыр. Қонақ үй дәл таудың басында орналасқандықтан, өрт сөндіру техникасының ғимаратқа жақындауы қиын болып тұр.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05