Байден бірнеше адамға алдын ала рақымшылық жасады
Джо Байден Ақ үйден кетерден бірер сағат бұрын отбасының 5 мүшесіне алдын ала рақымшылық жасады. Бұл оның президент ретінде қабылдаған соңғы шешімі болды. Нақты айтқанда, ағасы мен жеңгесіне және кіші інісіне сондай ақ, қарындасы мен күйеу баласына кешірім берді. «Кешірім беру туралы шешім олардың қандай да бір заң бұзғанын білдірмейді» делінген Байденнің баспасөзі таратқан жазбаша мәлімдемеде. Алайда Трамп пен оның жақтастары кек алу үшін саяси қудалауға ұшыратуы мүмкін деген қауіп болғандықтан, осындай шешім шығаруға тура келгенін айтқан.
Байден, сондай-ақ, 2021 жылы Капитоллиге жасалған шабуылға Трамптың қатысы бар-жоғын тергеген конгресс депутаттарын, COVID-19 пандемиясымен күрес жөніндегі бұрынғы кеңесші Энтони Фаучиді және штаб бастықтары біріккен комитетінің бұрынғы төрағасы, генерал Марк Миллиді алдын ала кешірді. Енді олардың үстінен ешкім бұған дейінгі ісі үшін соттай алмайды.
Жалғас Алтаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы