Өзбекстанның бірқатар аймағында қар көшкіні жүру қаупі бар
Көршілес Өзбекстанның бірқатар аймағында қар көшкіні жүру қаупі бар. «Узгидромет» осындай шұғыл хабарлама таратты. Бұған күн райының күрт суытуы, қар мен жаңбырдың молынан түсуі себеп болуы мүмкін. Атап айтқанда, біздің еліміздің оңтүстігімен шектесетін Ташкент облысының үш ауданында, сондай-ақ Қырғызстанмен іргелес Наманған аймағында қар көшкіні қаупі сақталады. Қарақалпақстан Республикасы мен Ферғана алқабында жауын-шашын болып, қалың қар жаууы ықтимал. Төтенше жағдай қызметінің өкілдері тұрғындар мен саяхатшылардың тауға шыққанда мейлінше сақ болуды сұрайды.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12