Басты Жаңалықтар Джо Байден Израиль мен ХАМАС арасындағы келісімді растады

Джо Байден Израиль мен ХАМАС арасындағы келісімді растады

АҚШ президенті Джо Байден Израиль мен ХАМАС арасындағы соғысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілгенін растады. Оның айтуынша, Израиль мен ХАМАС арасындағы келісім Газа секторындағы әскери әрекеттерді тоқтатуға, палестиналық бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмекті арттыруға және 15 айдан астам уақыт бойы қамауда болған тұтқындарды босатуға ықпал етеді.  

Джо Байден, АҚШ Президенті:

Келісім үш кезеңге бөлінген. Бірінші кезең алты аптаға созылады. Бұл кезең толық атысты тоқтатуды, Израиль күштерінің Газадағы барлық халық тығыз орналасқан аудандардан шығуын және ХАМАС ұстап отырған тұтқындардың бір бөлігін босатуды қамтиды. Бірінші кезеңде босатылатындар арасында америкалықтар да бар екенін мақтанышпен айтамын. Бұған жауап ретінде Израиль жүздеген палестиналық тұтқынды босатады. Бірінші кезеңде палестиналықтар Газаның барлық аудандарындағы үйлеріне орала алады.

Жалғас Сәдібекұлы

Бөлісу