Басты Жаңалықтар Қалдық өңдеуді жолға қойған әлем елдері

Қалдық өңдеуді жолға қойған әлем елдері

Экология мәселелері қазір жаһандық деңгейде жиі талқыланып келеді. Қалдықтарды азайту мен қайта өңдеудің түрлі шешу жолдары мен әдістері де ұсынылып жүр. Дегенмен мұны жолға қойған елдер аз емес. Солардың бернешеуіне тоқталайық.

Швеция - қоқысты тиімді пайдаланып отырған ел. Қоқыс зауыттары қалдықтардан энергия өндіреді. 1 млн 470 мың пәтерді жылытып, 940 мың үйді электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Мемлекетте бір тонна қалдықтан сағатына 2,9 МегаВатқа тең энергия өндіріледі. Бұл  -Еуропа елдері арасында үздік көрсеткіштердің бірі.

Бельгия да қалыспайды. Олар осыдан 5 жыл бұрын, қалдықтың 79,2 пайызын қайта өңдеген. Бұл Еуроодақтың сол кездегі орташа көрсеткішінен айтарлықтай асып түскен. Мемлекетте өңдеуі қиынға соғатын қалдықтарға салық жоғары. Ал оларды сұрыптау үшін көшелерде арнайы түрлі-түсті жәшіктер қойылған.

Жапония. Мұнда халықтың эко мәдениеті жоғары. Елде 2022 жылдан бері компанияларға бірретік пластикті қолдануды азайтуға міндеттейтін заң бар. Сәйкесінше, супермаркеттер пластик пакеттер үшін қосымша ақы алады. Ал компаниялар тауарларын бұл материалмен қаптағаны үшін арнайы төлем жасайды. Мақсат - 2050 жылға дейін пластиксіз қоғам құру.

Германия халықты ынталандыру үшін DRS жүйесін енгізген. Тұрғындар қайта өңделетін бөтелке сатып алса, тауарға арнайы депозит төлейді. Сол бөтелкені дүкенге қайта тапсырса, ақшасын қайтарып алады. Бұл тиімді стартегия болып шықты. Бөтелкелерді қайтару көрсеткіші 98,4 пайызға жеткен.

Темірлан Нұржанұлы


Бөлісу