Өскеменді тағы қою тұман басты
Өскеменді кешеден бері тағы тұман аралас түтін басты. «Қазгидромет» орталығы қалада екінші қолайсыз метеорологиялық жағдайдың қалыптасқанын хабарлады.
Олжас Керейхан, тілші:
Ауадағы зиянды заттардың қандай түрі және ол шекті мөлшерден қанша есеге көп екені бірден анықталады. Ол үшін тек Өскеменнің өзінде «Қазгидромет» орталығының 11 зертханасы үнемі онлайн жұмыс істеп тұр. Оған қоса экология департаменті мамандары да арнайы құрылғымен қаланың әр аумағындағы ауа құрамын зерттеп, нәтижесін бірден жариялайды. Мәселен қаңтардың 12-сі күні көміртегі тотығы шекті мөлшерден 1,7 есеге артқан. Бұл - өте жоғары көрсеткіш. Ал кешеден бері күкіртті сутегі 2 есе, көміртегі тотығы 1,2 есе, күкірт диоксиді 1,1 есеге көбейген.Мұндай химиялық элменттер әрине ауыр өндірістер мен жылыту орталықтарынан бөлінеді. Оған жеке үйлерден шығатын көмірдің түтіні қосылып тұрғындардың тынысын тіпті тарылтып жібереді. Сондықтан дәрігерлер ауа ластанған күндері өскемендіктерге далаға көп шықпауды ескертеді. Ал өткен түнде облыстағы солтүстік 6 ауданда қатты аяз болды. Арқыраған аяздың күші қайтпағандықтан бастауыш сынып оқушылары онлайн оқып жатыр.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар – қоғамның қозғаушы күші
28.07.2026, 16:58
Ассамблея өкілдері Құрылтай сайлауын талқылады
28.07.2026, 16:57
Саяси реформа демократияның жаңа үлгісін қалыптастырады
28.07.2026, 16:55
Ертең «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
28.07.2026, 16:54
Оралда төтенше жағдай жарияланды
28.07.2026, 16:51
Биыл елімізде 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді
28.07.2026, 16:50
Жоғарыдан мұз лақтырып, әйел адамның басын жарған
28.07.2026, 16:49
9 стример жауапқа тартылды
28.07.2026, 16:48