БҚО-да 2 адамды көлігімен қаққан мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да 2 адамды көлігімен қаққан мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылды

10.01.2025

Батыс Қазақстан облысында мас күйінде көлік тізгіндеп, екі адамды қағып кеткен мемлекеттік қызметкер жұмысынан қуылды. Бұған дейін облыс әкімі аппаратының қызметкері Ербол Найзабековтың түн ортасында мас күйінде рөлге отырып, бағдаршамда тұрған үш көлікті соққанын айтқан едік.

Сол оқиғада таксиде жолаушы болған 18 жастағы студент зардап шегіп, ауыр жарақат алды. Бастапқы диагнозы - миы шайқалған, жұлын контузиясы, омыртқа жарақаты. Қазір қыз бала мойнын ұстай алмайды, аяғын баса алмайды. Толық диагнозы қойылып, емделуі үшін Астанадан портал кезегін күтіп отыр.

Ал мемлекеттік қызметкердің мас күйде көлік жүргізгені дәлелденді. Әкімшілік іс қозғалып, сот сараптамасы тағайындалды. Зардап шеккен қыз балаға қатысты сараптама қорытындысы шыққан бойда тергеу аяқталып, іс сотқа жолданады.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу