Паспорт жасату бағасы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Паспорт жасату бағасы өсті

09.01.2025

Елімізде паспорт жасату бағасы өсті. «Азаматтарға арналған үкімет» порталына жүгінсек, биылдан бастап айлық есептік көрсеткіш 3 мың 932 теңге болды. Сондықтан төлқұжат құны өзгерді.

16 жасқа дейінгі балалар үшін 24 парақтан тұратын паспорт 15 728 теңге, қолданыстағы 36 беттік төлқұжат 31 456 теңгеге, ал шет елге жиі шығатындар мен саяхатшыларға арналған 48 парақ болатын паспорт 47 184 теңгеге көтерілді. Бір күнде жедел дайын болу үшін төленетін сома - 3 372 теңге.  Үш күн болса 1 771 теңге қосылады.

Қазақстан паспорты әлемдік рейтингте үздіктер қатарында

Тақырыпқа тұздық болсын. Қазақстан паспорты әлемдегі «ең мықты» төлқұжат рейтингісінде Таиландты басып озды. Халықаралық Global Passport Power Rank үздіктерді жариялады. Рейтинг виза талаптарын немесе визасыз кіру мүмкіндігін ескере отырып жасалған.

Қазақстан 95 елдің арасында 52-орын иеленіп, Гайана мен Таиландтың арасында тұрақтады. Біздің төлқұжатпен 46 елге визасыз кіруге болады. 50 елде виза шекарадан беріледі. Ал қалған 102 елге алдын ала виза алу қажет. Осылайша, Қазақстан паспортының мобильдік көрсеткіші – 95 балл.
Көш басында Біріккен Араб Әмірліктері мен Испания тұр.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу