Қытайда бүгін тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Қуаты 5,5 балдық дүмпу елдің солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясында болған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Ал Тибеттегі жер сілкінісі құрбандарының саны 126-ға жетті. 188 адам жараланған. Іздеу -құтқару жұмысы жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, соңғы тәулікте 400-ден астам адам құтқарылып, 30 мыңы қауіпсіз жерге көшірілді. Қуаты 6,8 баллдық зілзаланың эпицентрі әлемнің ең биік шыңы - Эверестен солтүстікке қарай 80 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте анықталды. Сейсмикалық дүмпуді Непал, Бутан, Үндістан елдерінің тұрғындары да сезген. Жер тербелісінен Тибеттің Шигадзе аймағында 3 мың 600-дей үй қирады. Зардап шеккен адамдарға көмекке 500-ден астам адам мен 130 жедел жәрдем машинасы жөнелтілген.
Арай Төлеген