Басты Жаңалықтар Қазақ - өзбек шекарасынан пневматикалық қару өткізбек болған жолаушы ұсталды

Қазақ - өзбек шекарасынан пневматикалық қару өткізбек болған жолаушы ұсталды

Қазақ - өзбек шекарасында пневматикалық қару мен оқ-дәріні заңсыз алып өтпек болған жолаушы ұсталды. Ал тағы бір тұрғыннан ірі көлемде алкоголь тәркіленді.

«Яллама» кеден бекеті арқылы Қазақстаннан келе жатқан жүк көлігін тексеру кезінде жүргізушінің жеке заттарының арасынан пневматикалық тапанша мен бір мың жарым дана оқ-дәрі табылды. Суық қару кедендік декларацияда көрсетілмеген. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Өзбекстанның қару-жарақ туралы заңына сәйкес азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын тасымалдау үшін тиісті органдардың рұқсаты керек.

Тағы бір заңсыздық «Гишт-Куприк» бекетінде болды. Жеңіл көлікпен шекарадан өткен азаматтың жүксалғышынан 84 литр алкоголь өнімі табылды. Кеден органдары тарапынан тексеру жалғасып жатыр. Айта кетсек, жеке тұлғалар ел аумағына жалпы көлемі 2 литрден аспайтын алкогольдік сусындарын әкеле алады.

Базаркүл Отыншиева

Бөлісу