Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында 24 отбасы баспаналы болды
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында 24 отбасы жаңа жылды жаңа қоныста қарсы алды. Жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрған Подстепный ауылының тұрғындары аңсаған баспанаға ие болды. Тұрғын үйді салуға бюджеттен 385 млн теңге жұмсалған. Құрылысты мерзімінен кешіктірген мердігер алмастырылып, жаңасы нысанды уақытында тапсырған. Үш қабатты тұрғын үйдегі пәтер кілттері көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, жетім-жесірлер мен мүгедектігі бар жандарға табыс етілді. Майра Аққұлова – с олардың бірі. Жиырма жылға жуық пәтер жалдап тұрған үлкен жанұя арман болған тұрғын үйге қол жеткізді.
Майра Аққұлова, ауыл тұрғыны:
2007 жылы бесінші баламды босанғаннан кейін дәл осы үйге кезекке тұрдым. Жалпы 17 жылдан бері кезекте тұр екем. Осы үйді қалай салып бастады, енді, міне, беріп жатыр ғой. Осы күнге де жеттік. Үкіметке көп рахмет! Қуанышымда шек жоқ.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада ЖИ көмегімен жасалған фильмдер фестивалі өтіп жатыр
03.10.2026, 14:35
🚀 Astana Hub Battle: 14 стартап финалға шықты
03.10.2026, 14:19
AI & Digital Bridge 2026: Астанада eGov 3.0 және мемлекеттік қызметтердің болашағы талқыланды
03.10.2026, 13:56
Аi-Sana бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жоба әзірленді
02.10.2026, 21:08
Жасанды интеллект кинофестивалінің қорытынды кезеңі басталды
02.10.2026, 20:33
Қорғалжынның 200-ге жуық тұрғыны экологиялық акцияға қатысты
02.10.2026, 20:32
Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы атап өтілді
02.10.2026, 20:29
Астаналық педагог Қазақстанның ең үлкен картасын жасады
02.10.2026, 20:28