Басты Жаңалықтар Жаңа жыл қарсаңында жедел жәрдем бригадалары тынымсыз жұмыс істеген

Жаңа жыл қарсаңында жедел жәрдем бригадалары тынымсыз жұмыс істеген

Жаңа жыл қарсаңында жедел жәрдем бригадалары тынымсыз жұмыс істеген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жедел жәрдем қызметіне 31-ші желтоқсанда 27 мыңға жуық шақырту түскен. Оның басым бөлігі Алматы облысы, Алматы, Түркістан және Астана қалаларында тіркелді. Сондай-ақ, мамандар ЖРВИ-мен сырқаттанушылар саны өткен жылмен салыстырғанда биыл 20%-ға азайғанын айтты. Оған әсер еткені - екпе. Былтыр 2 млн 300 мың азамат тұмауға қарсы вакцина салдырған. Десе де эпидемиялық кезеңде сақтанған абзал. Сырқаттану белгілері бар адамдармен байланысқа түспеу керек, аурудың белгілері байқалғанда оқшаулану маңызды, инфекцияны таратпау үшін ұйымдасқан ұжымдарға бармаған жөн. Гигиеналық ережелерді сақтау міндетті деді мамандар.

Динара Жарқынбек


Бөлісу