Ақмола облысы: Автобанда бір мезетте 40 автокөлік соқтығысты
Қарағанды облысында боран соғып, 800 автокөлік жолда қалды. Ал Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығы салдарынан ірі көлік апаты болды. Біржан сал ауданына қарасты Қоғам мен Қаратал ауылдары арасындағы тас жолда шамамен 100-ге жуық автокөлік соқтығысқан. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы әзірге ақпарат жоқ. Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін төтенше жағдайлар қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге жолға шықпауды ескерткен еді.
Бауыржан Ахметалин, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы:
Астана-Щучинск автожолында орын алған жол-көлік оқиғасы орнына Ақмола облысы мен Астана қаласының жеке құрамынан 16 техника мен 48 адамнан тұратын құтқарушылар тобы дереу жіберілді. Онда жоғары өтімді техника, сондай-ақ жеке құрам мен жүргізушілерді жылытуға арналған техника бар. Жүргізушілерді эвакуациялау үшінн жақын маңға жылыту пункттері орналастырылды. Қазірде оқиға орнынан құтқарылған 2 адам емдеу мекемелеріне жеткізілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12