Жылу мен жарық сыйлайтын жандар
Ел-жұрт мереке тойлап жатқанда, қалаға жылу мен жарықтың іркіліссіз берілуін қадағалап, Жаңа жылда жұмыста отыратындар да бар. Солардың бірі – Орал жылу электр орталығында жиырма жылдан бері еңбек етіп келе жатқан аға машинист Жарылғап Қалимов.
Мына алып бу турбиналары қуат көзін өндіреді. Жылу электр орталығы 60-жылдары салынып, құрал-жабдықтар тозғандықтан, техникалық ақау шығып тұрады. Жарылғап Қалимов өз ісіне тиянақты, демалыста да дамыл көрмейтін үздік қызметкер жұртшылықты мерекемен құттықтады.
Жарылғап Қалимов, аға машинист:
Қиын жағдайлар болады, иә. Оны уақытында үлгермесек, көп зардабы болуы мүмкін. Сондықтан біз тез-тез қимылдап, жойып отырамыз. Иә, Жаңа жыл мерекесіне тұспа-тұс келіп тұр біздің жұмыс уақытымыз. Сондықтан біз Жаңа жылда қаламызға жылу үздіксіз беріліп, елімізде жарық та, бәрі де жақсы болып, жаңа жылды жақсы қарсы алуға үлес қосамыз. Келе жатқан 2025 жыл жақсылығымен, қуанышымен келсін!
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
