Басты Жаңалықтар Жасанды интеллект виза құжатын рәсімдеуге көмектеседі

Жасанды интеллект виза құжатын рәсімдеуге көмектеседі

Соңғы жылдары Америкаға барып, сол жатқа өмір сүргісі келетін адамдардың әлем бойынша артқан. Мысалға, 2023 жылы 1,173 миллионнан астам шетелдік АҚШ-та тұруға рұқсат немесе жасыл карта алды.

Шығарылған жасыл карталардың жалпы саны да соңғы жеті жылдағы көрсеткіштерден асып түсті. Ал, сол рұқсатқа қол жеткізу өте күрделі процесс. Бірақ, сол істі жасанды интеллектінің көмегімен жеңілдетіп, жеделтеп жатқан қазақстандық өнертапқыштар бар. Солардың бірімен тілшіміз танысып қайтты.

Әсел Тілеубаева Америкаға 14 жасында көшіп барған. Білім алды, қазір ІТ саласында үлкен жетістіктерге жетіп жатыр. Оның жобасы жасанды интелектінің көмегімен азаматтарға көші-қон мәселесін шешіп беруге ықпал етеді.

 Әсел Тілеубева, «Alma» IT компаниясының құрылтайшысы

Біз бұл стартаптың атын «Алма» деп атадық. Себебі, алма Орта Азиядан шығып әлемге тараған. Біздің компания да сол сияқты дүниежүзіне тарап, бәріне көмек болса дейміз. Осы компанияның құрылтайшыларының үшеуі де иммигранттармыз. Біріміз қазақстан, басқасы Қырғызстан мен Қытайдан дегендей. Біз бұл мәселенің қаншалықты өзекті екенін білеміз және адамдарға көмектескіміз келеді.

Мысалға, Америкаға жұмыс визасын алу үшін бір адам 600 бетке дейін жететін құжат әзірлеп, 2-3 ай жүреді. Ал, бұл компанияның көмегімен бар болғаны екі аптада барлық жұмысты тындыруға болады. Өйткенді, заңгерлерге барлық жұмысты жасанды интеллект ықшамдап отырады.

Әсел Тілеубева, «Alma» IT компаниясының құрылтайшысы:

Америкада өмір сүрсеңіз үнемі көші-қон мәселесіне алаңдап жүресіз. Өйткені, жұмыс, бәрі соған байланысты. Бұл біз үшін ең маңызды және қиын мәселе болғандықтан оны шешу жолдарын іздедік. Екіншіден, иммиграция бағытында ешқашан венчурлық ақша болмаған. Бұл тың сала және қаржы да көп.

Әсел басқарып отырған компанияға инвесторлар қазірдің өзінде 5,5 млн доллар қаржы құйған. Бұл жоба одан әрі жетілдіріліп, ауқымы өскен сайын инвестиция мен табыстың көлемі де арта бермек. Жалпы 2023 жылы қазақстандықтар арасында да жасыл карта алғандардың саны артты. 1 637 азамат қол жеткізген. Бұл 2016 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Жалғас Сәдібекұлы


Бөлісу