Басты Жаңалықтар АҚШ-та бейнекамералар дербес шешім қабылдай бастады

АҚШ-та бейнекамералар дербес шешім қабылдай бастады

Бір ғана Астана қаласының өзінде 6 мыңнан аса камера бар. Сол қырағы құрылғылар түсіріп ғана қоймай, ойланып, дербес шешім қабылдауы мүмкін дегенге сенесіз бе? Жасанды интеллектінің көмегімен жуық арада солай болатын сияқты. Себебі, қазірдің өзінде қазақстандық жас өнертапқыш осы стартапты талай елде пилоттық жоба ретінде қолданып жатыр. Тіпті, Қазақстанда да бастапқы оң нәтижелер бар. ІТ әлеміндегі іргелі ізденістердің ізін тілшіміз шолып көрді.

Айбек Нұртазаев инженер-кәсіпкер. Ол құрған ІТ-компанияға қазір американдық және британдық қорлар қаржы құйып, жобаға қолдау көрсетуде. Шырақ жасанды интелектісі деп аталған стартаптың негізгі ерекшелігі – ақылды камералар түсіріп ғана қоймай, сараптама жасап, шешім шығарып, тиісті хабарлама жібере алады.

Айбек Нұртазаев, «Bizdin Ai» компаниясының бөлім басшысы:

Мектептерде балалар келген кезде бірден түсіріп ата-аналарына сообщение жіберіп отыр немесе балалар 5 күн бойы келген кезде олардың суреттеріне анализ жаса да, егер ол көңіл күйсіз келсе оны бірден психолог маманына жібер деген сияқты бұрйық береді.

Қазір жоба Оңтүстік-Шығыс Азия елдердінде пилоттық режимде іске асып жатыр. Нақты айтқанда, Филлиппин еліндегі әуежайда және Гонког пен Сингапурде де сынақтан сәтті өтуде. Қазақстандағы бірнеше ірі компанияда және тіпті, мектептерде де енгізілді.

Айбек Нұртазаев, «Bizdin Ai» компаниясының бөлім басшысы:

Біздің соңғы жасалған анализ бойынша бір мектепте бір аптаның ішінде 19 бала вейппен ұсталынды. Біз сол нәрсенің 19-ын бірден детектр жасадық, екінші жағынан психологиялық трюк деген болады ғой, егер сені ЖИ көріп деген болса адамдар оны автоматты түрде қояды. Келесі апта болған жоқ, тағы бір аптада бір ғана адам вейппен ұсталды.

Жас өнертапқыштар ондаған тіпті жүздеген адамның жұмысын қатар атқара алатын стартаптарын жасанды интеллектінің көмегімен одан әрі жетілдіріле бермек.

Жалғас Сәдібекұлы


Бөлісу