АҚШ-тың 39-шы президенті Джимми Картер жүз жасында қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың 39-шы президенті Джимми Картер жүз жасында қайтыс болды

30.12.2024

АҚШ-тың ең ұзақ өмір сүрген 39-шы президенті Джимми Картер жүз жасында қайтыс болды. Ол американы 1977-1981 жылдары басқарған. Бірақ, оның тұсында АҚШ экономикасы үлкен дағдарыста болды. Жұмыссыздық көбейіп, ХХ ғасырдағы ең жоғары инфляция тіркелген. Тегерандағы елшілігінен АҚШ азаматтарын 444 күн бойы басқыншылардың кепілінен босата алмады.

Оны сондай ақ, Панама каналын Панаманың бақылауына беріп қойды, деп те сынайтындар аз емес. Дегенмен, Картер КСРО-мен стратегиялық қару-жарақты шектеу туралы шартқа қол қойып, 1978 жылы Израиль мен Египет арасындағы бейбітшілік туралы тарихи келісімге қол жеткізген. 2002 жылы әлемдегі қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге және адам құқықтары үшін күреске қосқан еңбегі үшін Нобель сыйлығын алды. Картер сондай ақ, Ақ үйден кеткеннен кейін ең ұзақ өмір сүрген АҚШ Президенті ретінде де есте қалды. 

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу