Басты Жаңалықтар Оңтүстік Кореяда ұлттық аза тұту күндері жарияланды

Оңтүстік Кореяда ұлттық аза тұту күндері жарияланды

Оңтүстік Кореяда ұшақ апатына байланысты қаңтардың 4-іне дейін аза тұту күндері жарияланды. Лайнер бортында болған 179 адам қаза тапқаны ресми түрде расталды. Экипаждың екі мүшесі тірі қалған. Олар ауруханада жатыр. Әзірге Jeju Air компаниясына тиесілі ұшақ апатының себебі белгісіз.

Алдын-ала мәліметтерге сай, Боинг құстармен соқтығысуы, қозғалтқыш пен шассидің істен шығуы, ұшу-қону жолағының ұзындығы жеткіліксіз болуы мүмкін деген бірнеше нұсқа айтылып жатыр. Қара жәшіктер табылды, олар апаттың неден болғанын анықтауға мүмкіндік береді. Жексенбіде Бангкоктан шыққан ұшақ Оңтүстік Кореяның Муан қаласы әуежайына қону кезінде апатқа ұшырады. Лайнер ұшу-қону жолағынан тысқары қоршауға соғылып, лезде өрт тұтанған. Ұшақта болған жолаушылардың 173-і - Оңтүстік Корея, екеуі - Таиланд азаматы.

Арай Төлеген

Бөлісу