Бұл - Әзірбайжанға апаратын паромды күтіп жүрген жүргізушілер. Маңғыстау облысы Құрық портында мыңдаған жүк көлігі бірнеше күннен бері қаңтарылып тұр. Сол маңға жақын орналасқан Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының тұрғындары кезек күткен жүргізушілерге тегін ыстық тамақ таратты.
Ақшаңқан киіз үй тігіп, қазан-ошағын құрып демеу болған қазақ жұртына шетелдіктер алғыстарын білдірді. Ал порт әкімшілігі көліктердің бұлай жиналуына бірнеше себеп бар дейді. Соңғы бір аптада ауа райы күрт нашарлаған. Бұдан бөлек Құрық порты бағытында қатынайтын паромдар саны 2 есе азайған. Ресейге салынған санкциялар әсерінен жүк айналымы күрт өскен. Көлік министрлігі өкілдерінің сөзіне сенсек, мәселе жуық арада шешілмек. Әзірбайжаннан Құрыққа қарай тағы қосымша паром жіберу туралы келісімге жасалды.
