О.Бектенов: «Заң мен тәртіп» қағидатын бұлжытпай іске асыру – мемлекеттік органдардың міндеті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

О.Бектенов: «Заң мен тәртіп» қағидатын бұлжытпай іске асыру – мемлекеттік органдардың міндеті

26.12.2024

Полиция кез келген, тіпті кішігірім құқық бұзушылықтарға бей-жай қарамау керек. Премьер-министр ведомствоаралық комиссияның отырысында осылай деді. Ал Президент бастамасымен қолға алынған «Заң және тәртіп» қағидатын бұлжытпай іске асыру – мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының міндеті екенін атап өтті. Сондай-ақ, жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мәселелері қаралды. Ішкі істер министрінің дерегінше, биыл тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша салалық бөлімшелер құрылды.

Енді отбасылық жанжалдарға шақырылған кезде жәбірленушілер туралы сауалнама толтырылады. Бүгінде мыңға жуық адам полиция есебінде тұр. Оларға психокоррекциялық жұмыс жүргізілуде. Ал жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту үшін еліміздің мектептерінде бұзақылыққа қарсы 2 бағдарлама, яғни KiVa және отандық ДосболLike әзірлемесі іске қосылды. Барлық өңірінде 20 Қолдау орталығы жұмыс істейді. Отырыс соңында Премьер-министр Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын сапалы жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырма берді.


Хабарламаларға жазылу