Өзбекстанда Жаңа жылда отшашу атылмайды
Өзбекстандықтар Жаңа жыл мерекесін пиротехникасыз қарсы алады. Яғни, отшашу атқан азаматтар 7 миллион сум немесе 550 доллар көлемінде айыппұл төлейді.
Ал мұндай затты саудалағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы кеден комитеті хабарлады. Мамандар жыл басынан бері пиротехникалық заттарды заңсыз алып өтудің 120-ға тарта фактісін анықтаған.
Тәркіленген 4 миллионнан астам пиротехникалық зат жойылды. Ташкент қаласы маңында ауқымды шара өткізілді. Өрт сөндіруші мамандар фейерверк пен петардаларды арнайы техникамен жаншып көміп тастады.
Контрабандалық тауардың жалпы құны бір жарым млрд сум немесе 110 мың АҚШ долларын құрайды.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12