Елордалықтар Әзербайжан елшілігінің алдына гүл шоқтарын қойды
Бүгін елордалықтар Астанадағы Әзербайжан елшілігі алдына гүл шоқтарын қойды.
Бауырлас елге көңіл айтуға қарапайым тұрғындар, қоғамдық ұйым өкілдері, кәсіпкерлер, мұғалімдер, мектеп оқушылары мен студенттер де келді. Сондай-ақ, елордадағы Әзербайжан диаспорасының өкілдері мен Әзербайжан азаматтары келіп, марқұмдардың рухына тағзым етті. «Қаралы күнде қасымыздан табылған қазақ жұртына алғыс айтамыз» - деді олар.
Гашим Агаев, Астанадағы Әзербайжан диаспорасының бас имамы:
Астанадағы Әзербайжан диаспорасынан келіп тұрмыз. Қаралы хабарды естіп, қабырғамыз қайысты. Әзербайжаннан әуе апатында көз жұмған адамдардың туыстары хабарласты. Олармен байланыстамыз. Таңнан бері тыным таппай қол ұшын созып, көмектесіп жатқан қазақ жұртына алғысымызды айтамыз. Аман қалғандар дер кезде ауруханаға жетіп, жағдай жасалып жатыр.
Симара Гусейнова, Әзербайжан республикасының азаматы, студент:
Мен өзім Әзербайжан азаматымын. Астанада оқимын. Қайғылы хабарды таңертең естіп, жаныма қатты батты. Марқұмдардың туыстарына көңіл айтамын. Негізі бүгін құрбым осы рейспен келу керек болған Астанаға. Абырой болғанда, жолға шықпады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12