Ақтау маңындағы ұшақ апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Ақтау маңындағы ұшақ апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Президент тапсырмасы бойынша мемлекеттік комиссия құрылды. Оны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадан Ақтауға медицина қызметкерлерін жіберіп, барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды.
Ал әлемдегі мыңдаған ұшақ жайлы онлайн режимде нақты ақпарат ұсынатын Flightradar бақылау қызметінің мәліметінше, ұшақ Әзербайжан астанасы Бакуден Ресейдегі Грозный қаласына бағыт алған. Кейіннен веб-сайтта Ақтауға қарай ұшқан жолы көрсетілген. Ал Баку Дабл Эс ақпаратына сенсек, алдын ала мәлімет бойынша, апатқа ұшаққа құстың соғылуы себеп болған. Алайда, нақты себеп әлі белгісіз. Дегенмен қазір Әзербайжаннан Ақтауға апаттық-құтқару қызметі аттанған. Арнайы медициналық топ пен керек-жарақ жіберілген.
AZAL әуе компаниясының ресми өкілі сұхбат берді
Фарид Гусейнов, AZAL әуе компаниясының ресми өкілі:
Апат болған жерде қазақстандық тараппен байланыс орнатылып жатыр. Сондай-ақ Қазақстанның авариялық-құтқару қызметтері қажетті жедел қолдаумен қамтамасыз етуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
