Оралда көпбалалы отбасының балаларына арналған жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды
Оралда мүгедектігі бар және көпбалалы отбасылардың ұл-қыздарына арналған қала әкімінің жаңа жылдық шырша мерекесі ұйымдастырылды.
Мерекелік шарада ертегі кейіпкерлері тосынсый жасап, базарлықтарымен қуантты. Жеткіншектер шыршаны айналып, ән шырқап, би биледі. 250-ге жуық балаға әкімдік атынан тәттілер таратылып, сый-сияпат берілді. Аяз ата мен Ақшақар да ұл-қыздарды мерекелік көңіл-күйге бөледі. Балалар сабақтағы, өнердегі жетістіктерін айтып, өлең-жыр оқыды. Жаңажылдық тілектерін айтты.
Қанағат Айтжан, оқушы:
Бүгінгі шырша мерекесі керемет болды. Маған қатты ұнады. Наруто, жылан, ұлу кейіпкерлері ұнады. Ән айттық, би биледік, бізге тәттілер мен сыйлықтар берді.
Айша Жамбылова, оқушы:
Менің биылғы жетістігім сабақты 5-ке оқып бітірдім және де көптеген олимпиадада жақсы орын алып, мектебіміздің мерейін көтердім. Достарыма, туыстарыма бақыт, қуаныш тілеймін, құрдастарымның сабақтарын жақсы оқуына және жетістіктерге жете беруіне тілектеспін.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12