Түркияның Муғла провинциясында тікұшақ апатынан 4 адам қайтыс болды
Осы Түркияның Муғла провинциясында санавиацияның тікұшағы құлап, төрт адам қайтыс болды. Анталиядағы бір науқасқа бару үшін жерден көтерілген тікұшақ қалың тұман кесірінен аурухананың қабырғасына соғылып, құлаған.
Кабинада болған екі ұшқыш, бір дәрігер мен бір аурухана қызметкері оқиға орнында көз жұмды. Куәгерлердің айтуынша тікұшақ ауаға көтерілген соң 40-50 секундтан кейін аурухананың жоғарғы қабаттарына соғылған. Қазір оқиғаны зерттеу үшін арнайы комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалды.
Идрис Акбыйык, Муғла провинциясының губернаторы:
Таңертеңгі сағат ондар шамасында ауаға көтерілген санавиация тікұшағы апатқа ұшырады. Кешеден бері қаламызда қалың тұман болып тұрған еді. Апаттың себебі содан ба, деп ойлаймыз. Тікұшақ соғылған аурухананың жоғарғы қабаттарында апат кезінде адам болмаған. Сондықтан ол жерде ешкім жарақат алған жоқ.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экология министрлігі желіде тараған жолбарыс суретіне қатысты пікір білдірді
06.08.2026, 10:07
Инфантино футбол турнирлерін жекешелендіру жоспарынан бас тартты
06.08.2026, 10:06
Иран мен Оман Ормұз бұғазы бойынша келісімге қол жеткізді
06.08.2026, 10:05
Қытайға кіру және шығу тәртібі өзгереді
06.08.2026, 10:05
МӘМС-тегі миллиардтар бақылауға алынады
06.08.2026, 10:05
Өскемендегі коммуналдық мекемелер күшейтілген жұмыс кестесіне көшірілді
06.08.2026, 10:05
«Жетінші арнада» партия өкілдерінің теледебаты өтті
06.08.2026, 10:02
Қайтарылған активтер есебінен ауыл тұрғындары сумен қамтылады
06.08.2026, 10:01