Түркияның Эрзурум провинциясында қар көшкіні астында қалған спортшы қайтыс болды
Түркияның Эрзурум провинциясындағы Паландөкен тау шаңғысы курортында қар көшкіні болып, бір адам қайтыс болды. Апат болған кезде сол жерде жаттығу жасап жүрген дзюдодан Түркия жастар ұлттық командасының мүшелері тау басына шығып бара жатқан.
Қар астында қалған спортшылардың бірі, дзюдодан Түркияның бірнеше дүркін чемпионы 16 жастағы Еміре Язған оқиға орнында қайтыс болды. Қалған 3 адамды құтқарушылар қар астынан шығарып, ауруханаға жеткізді. Мамандар олардың жағдайлары жақсы екенін, өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтты. Оқыс оқиғаға қатысты іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Ибрахим Хаккы, Эрзурум қалалық ауруханасының бас дәрігері:
Біздің ауруханаға қар көшкінінен жарақат алған 3 адам әкелінді. Олардың бәрі қатты суықтан тоңып қалған. Ал бір жері сынған немесе қатты жарақат алған адам жоқ. Тек бір адамның тістері сынған. Оны тіс дәрігерлеріміз емдеп жатыр.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
09.05.2026, 12:00
Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
09.05.2026, 11:35
«Жақанов әлемі: фотошежіре» фотокөрмесі ашылды
09.05.2026, 11:30
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26