Ұлыбританияда көші-қон рекордтық деңгейге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда көші-қон рекордтық деңгейге жетті

20.12.2024

Ұлыбританияда көші-қон көлемі рекордтық деңгейге жетті. Жақында жарияланған ресми мәліметтерге сәйкес былтыр елге миллионға жуық адам қоныс аударған.

Жергілікті халық бұл жағдай тұрғын үй тапшылығын ушықтырып, емхана мен мектептердің жүктемесін көбейтеді деп алаңдайды. Бірақ денсаулық сақтау саласындағылар шетелдік жұмысшыларсыз іс бітпейді деп отыр. Ұлттық статистика басқармасы 2024 жылдың алғашқы жартысында заңды мигранттардың саны сәл де болса азайғанын айтады. Бірақ бұл оқу визасымен келгендерге отбасы мүшелерін алып келуге тыйым салғаннан кейін мүмкін болды дейді. Айта кету керек, 2016 жылы сайлаушылар мигранттар қаптап кетті деп, референдум ұйымдастырып, Еуроодақ құрамынан шыққан болатын. Бірақ Брексит айтарлықтай нәтиже бермегенге ұқсайды.

Сима Мальхотра, Ұлыбританияның көші-қон және азаматтық істер министрі:

Алдыңғы билік - Торилер партиясы жағдайды бақылаудан шығарып алды. Бірақ біз Лейбористер партиясы бұл мәселені шешуге қауқарлы жоспар құрдық. Алдағы уақытта көші-қон жүйесі ел мүддесі үшін жұмыс істейді деп сенеміз.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу