«Қазгидромет» дауылды ескерту жариялады
Бүгін еліміздің бірнеше облысында тағы дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің оңтүстік өңірлерінде қалың қар жауып, боран соғады. Орталығында, батысы мен солтүстігінде сырғыма боран жүріп, көктайғақ болады. Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында да боран соғуы мүмкін. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты түнде Алматы –Ташкент - Термез тас жолында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды. Құтқарушылар дауылды ескертулерге құлақ асып, сапарды алдын ала жоспарлау қажеттігін еске салды.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада Түркістан суретшілерінің шығармашылық көрмесі ашылды
13.05.2026, 10:17
Будапеште қазақ қолөнершілері шеберлік сабағын өткізді
13.05.2026, 10:14
Астанада «Ботай» этно-пластикалық спектаклінің премьерасы өтті
13.05.2026, 10:13
АҚШ пен Қытай өкілдері сауда келіссөзін өткізді
13.05.2026, 10:12
Тегеран жаңа келіссөзді бастау үшін 5 шарт қойды
13.05.2026, 10:11
Түркияда селден 12 адам жараланды
13.05.2026, 10:06
Атырау облысында төрт адамның өліміне қатысты іс сотқа жетті
13.05.2026, 10:05
Астанада интернет-алаяқтар ұсталды
13.05.2026, 10:04