Будапештте қазақ қолөнершілері шеберлік сабағын өткізді
Будапештте қазақтың сәндік қолданбалы өнері мен жүн өңдеу дәстүріне арналған көрме өтті. Еліміздің Мажарстандағы елшілігі ұйымдастырған шараға осы елдегі шетелдік дипломаттардың жұбайлары, іскерлік топ өкілдері қатысты. «Ұршық» қауымдастығының шеберлері жиналғандарға жүн өңдеу, киіз басудан шеберлік сабағын өткізіп, көпшілікті қазақтың ою-өрнегінің ерекшеліктерімен таныстырды. Шетелдік меймандар бұйымдарды өздері де жасап көрді. Сондай-ақ, киізден жасалған бұйымдар мен ұлттық әшекейлердің көрмесін тамашалады.
Ирина Визер, дизайнер:
Бүгін мен жаңа өнермен таныстым. Өмірімде киізден бұйым жасап көрмеп едім. Бұл мен үшін ерекше тәжірибе болды. Осындай керемет мүмкіндік үшін алғысым шексіз.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04