Астанада «Ботай» этно-пластикалық спектаклінің премьерасы өтті
Астанада «Ботай» этно-пластикалық спектаклінің премьерасы өтті. Ежелгі Ботай мәдениетіне арналған қойылымды есту қабілеті нашар өнерпаздардан құралған «SENSITIVE» театры сахналады. Қойылымның басты ерекшелігі – дыбыстың мүлде қолданылмауы. Сахнада негізінен эмоцияға, жарыққа және хореографияға басымдық берілген. Спектакльді тамашалаған Сенат спикері Мәулен Әшімбаев театр ұжымының шеберлігіне жоғары баға берді. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды жан-жақты қолдау мемлекеттің басым міндеттерінің бірі екенін атап өтті. «SENSITIVE» би ұжымын 20 жылдық мерейтойымен де құттықтады.
Біржан Жалғасбаев, С.Мұқанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының директоры:
Бұл театрдың құрылғанына 20 жыл болды. Бұлар жестикуляция арқылы осы күнге дейін өнер көрсетіліп келді. Бірақ осы Ботай спектакілінде жестикуляциясыз тек музыканың дыбысымен өнер көрсетті. Неге Ботай? Бұл - Солтүстік Қазақстан өңірінде ең алғашқы адамдаржың жылқы малын қолына үйреткен қонысы.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00